Аднексит белгілері мен емі

Сальпингоофорит (аденексит/сальпингит)-бұл аналық бездер мен жатыр түтікшелерінің  қабынуы. Ауру  бір  жақты  немесе екі  жақты  да  болуы мүмкін. Жедел  әрі  созылмалы ауру түрі  болып табылады. Жедел түрі қынапқа немесе қанға ( бұрын ауырған ауырсынулар кезінде) инфекция  түсуден пайда болады. Созылмалы түрі  бұрын емделмеген жедел ауру түрінің асқынуынан болады. Жедел түрі клиникаға баруды қажет етеді: әйтпесе қарқындылығы төмен симптомды созылмалы түріне айналады.

Қандай белгілерімен ерекшеленеді:

  • жүрек айну, құсу;
  • іріңді, көп мөлшердегі бөлінді;
  • уақытша  белгілері соқыршек белгілеріне ұқсайды;
  • етеккір кезіндегі  ауырсынулар;
  • етеккір  циклының бұзылуы;
  • Жыныс жолдарындағы  және зәршығару жолдарындағы ауырсынулар.
  • дене қызуының  көтерілуі;
  • Іштің төменгі  бөлігінің ауыруы, аурудың артқы бөлікке және  белге өтуі.

Егер осы аталғандардың  ішінде  біреуінің белгісі сізді мазаласа  тез арада дәрігерге көріну қажет. Сальпингоофорит  бедеулік  пен  жатырдан тыс жүктіліктің белгісі болуы мүмкін.

Созылмалы аднекситтің пайда болу жағдайлары:

  • салқындау, жиі суықтап ауыру;
  • инфекциялар: ішек таяқшалары,  стафилок, хламидий, стрептокок және басқалар;
  • жыныстық қатынаста қауіпсіздікті сақтамау;
  • иммундық  жүйенің әлсіреуі, созылмалы күйзеліс  және шаршау;
  • мынадай аурулар: иммунитеттің нашарлауына әкелетін баспа, созылмалы тонзиллит және басқалар;
  • спираль қою;
  • жатырдың мехаинкалық  зақымдануы.

Аднекситті емдеудің негізгі тәсілдері:

Кешенді ем қабылдау.

  • дәрі-дәрмекпен емделу;
  • физиотерапиялық.

Тәжірибелі дәрігер әйел денсаулығын қалпына келтіріп, жыныстық органдары функцияларын  сақтау үшін  әрбір  емделушінің өзіне  жеке  ем тағайындайды.

Сіздерге денсаулық тілейміз!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру