Менің сұрағым жиі қойылатын сұрақтардың бірі деп ойлаймын. Азапты токсикоздан қалайша құтылуға болады?

Иә, токсикоздан құтылуға болады. Басты шарт – оның шынайы себебін анықтау және тамақтану режимін түзету. 

Токсикоз неден болады? Бұл - ағзаның эмбрионның дамуы нәтижесінде жинақталатын уыттарға табиғи реакциясы. 

Жұмыртқа жасушасы ұрықтанғаннан кейін бірден гормондық фонның өзгере бастайтынын және бірден бірнеше гормон деңгейінің, оның ішінде ұрықтың сақталуын және дұрыс дамуын қамтамасыз ететін хорионды гонадотропиннің (ХГЧ) артатындығын ұмытпаған жөн. Дәл сол гормон жүктіліктің алғашқы айларындағы токсикоздың себебі болып табылады. Дегенмен, көптеген мамандар токсикоздың пайда болуына болашақ ананың жасы, оның зиянды әдеттері, генетика, жалпы психологиялық фон, бала жолдасының дамуы және пісіп-жетілуі процестері және де созылмалы ауруларының болуы да әсер етеді деп есептейді. 

Токсикоздың нақты себебін анықтауға дәрігер ғана көмектесе алады, ал біз сырттай оның белгілерін жеңілдететін кейбір пайдалы кеңестермен бөлісе аламыз: 

  1. Тамақты жиі, бірақ шағын порциялармен жеңіз, бапталған сүт-өсімдік емдәмін міндетті түрде сақтаңыз. Ешқандай зиянды жеңіл-желпі тамақтану, газдалған сусындар, кофе, қою шай, майлы және ауыр тағам, консервіленген, ащы және ысталған тағамдар жеуге болмайды, сондай-ақ тәтті және ұннан жасалған тағамдарды абайлап жеңіз. 
  2. Майонез бен кетчупті ұмытыңыз! 
  3. Жиі серуендеуге тырысыңыз – кем дегенде, күніне 30 минуттан 2 рет. Токсикозға қарсы тұрудың тағы бір әдісі – ұйықтар алдындағы серуен. 
  4. Пайдалыны әдетке айналдырыңыз: гематокритті кеміту және бүйректің жұмысын қапына келтіру үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден 100-300 мл жылы минералды су ішіңіз. Егер ісінбесеңіз, күніне ішілетін сұйықтықтың мөлшері кемінде 2 л болуы тиіс. Сізге сондай-ақ, сермене мен қырмызыгүл қосылған тыныштандырғыш шөптесін шайлар, тәтті емес компоттар көмектеседі. 
  5. Күрт қозғалыс жасамаңыз – әсіресе, енді оянған сәтте, таңертең ертемен. 
  6. Ұйқыңыз қанық болсын. Жақсы желдетілетін үй-жайда жайлы ұйықтауға тырысыңыз. 
  7. Сіздің гормондық фонының тұрақсыз, ағзаңыз қайта құрылып жатыр, сол себепті Сіздің осы кезеңде мейлінше сабырлылық сақтауыңыз маңызды. Күйзеліске түсу, ұрыс-керіс, уайымға салыну қарсы көрсетілімдер болып табылады.

Назар аударыңыз! Осы сайтта келтірілген ақпарат гинеколог дәрігердің және басқа мамандардың бетпе-бет толыққанды консультациясының орнын баспайды. Сайттың материалдарын өздігімен диагностикалау мен емдеу үшін пайдалануға болмайды! Міндетті бетпе-бет консультацияны талап ететін сұрақтар жоба ұйымдастырушыларымен қабылданбауы мүмкін. Біз әйел денсаулығы бойынша мамандардан әрдайым тексерілуге өтінеміз. Өздігімен емделуге жол бермеңіз: сайтта келтірілген кез келген белгілер пайда болғанда, дәрігерге жедел жолығу керек.

«Гедеон Рихтер» дәрілік заттарын қолдану барысында туындауы мүмкін кері әсерлерді байқаған жағдайда өз дәрігеріңізге, фармацевтке немесе келесі сымтетік бойынша хабар берулеріңізді
+7 727 25826 22 (ішкі сымтетік.103);
+7 701 787 47 01;
+7 701 787 47 00
немесе электронды поштаға pv@richter.kz жазуларыңызды сұранамыз.

«Гедеон Рихтер» компаниясының дәрілік заттарының медициналық қолданысы мен бүктеме қағаздағы ақпарат жайында ағымдағы нұсқаулықпен танысу үшін келесі сілтемені басыңыз.

Жеке мақсаттардан басқа сайттағы материалдарды жүктеуге, сонымен қатар жариялауға, жіберуге, көрсетуге және басқа да жерлерде пайдалануға тыйым салынады.