Эндометриоз ауруы несімен қауіпті?

Эндометриоз деген не екендігін анықтаудан бастайық.

Эндометриз-жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде, жкатыр мойнында, қынапта, аналық безде, бауырда, ішек-қарында) өсуі, таралуы. Бұл бала тууға қабілетті әйелдерде болатын созылмалы ауру. Бұл аурумен бала туу жасындағы әйелдердің 10%-ы ауырады.

Қынапта эндометриоз ауру пайда болса, олар екі қабаттан тұрады: базалық және функциялық. Егер ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану кезеңінде әсер етпесе де, жүктілікке дайындық кезеңінде функционалдық қабат бүлінеді және айлық белгі кезінде ауырсынуды тудырады.

Бірақ айлық белгі кезеңінде эндометриоз қанмен бірге аналық түтікшелерге қайта ағып келеді. Осыдан соң әйелдің жыныстық органдарында, зәр шығару жолдарында эндометриоз ауруының асқыну құбылыстары басталады. Кейде тіпті өкпені зақымдайды. Бұл ең алдымен оның қай мүшеде пайда болғанына байланысты екіге бөлінеді:

  • Генитальды-эндометрий қабатындағы жасушалардың ішкі жыныстық мүшелерде (жатыр түтігі, аналық без, қынап) болуы;
  • Экстрагенитальды-эндометрий қабатындағы жасушалардың басқа мүшелерде (өкпе, бауыр, ішек-қарын, қуық) болуы.

Эндометриоз ауруын емдеу ұзаққа созылады, негізінен гормональды терапия мен хурургтік емнің араласуымен жүргізіледі.

Эндометриоз ауруындағы ең басты қауіптің бірі-бедеулікке әкеліп соқтыруы. Бұл ауруға шалдыққа әйелдердің жартысына жуығы жүкті бола алады, алайда ұрықтың жатырға дұрыс бекімеуінен түсік тастау қаупі туындайды. Ал 50% әйелдерде бұл ауру бірінші немесе екінші жүктіліктен кейін бедеулікке әкеледі екен.

Сондай-ақ эндометриоз мынадай аурулардың туу қаупін жақындатады:

  • жатырдан тыс жүктілік;
  • қаназдық;
  • жүйке жүйесінің зақымдануы;
  • эндометриоздың қатерлі ісікке айналуы.

Өздеріңізді сақтаңыздар және дендеріңіз сау болсын!

5/5 - (1 vote)
«GEDEON RICHTER KZ»

Бұл материал гинекология, эндокринология, дерматология және психология саласындағы тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен жазылған, мұқият қаралған және жарияланған.

Біздің жоба қыздар мен әйелдердің назарын мамандарға үнемі барып тұру қажеттілігіне аударып, гинекология, профилактика, сұлулық және жастық мәселелері туралы хабардар етуді қалайды.

kwh.kz
Пікір қалдыру